22.01.2026 17:15

Чемпиондар лигасының басты фавориті аталды

22.01.2026 17:15

Opta суперкомпьютері 7-турдан кейін Чемпиондар лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» чемпион атану ықтималдығы 30.75%-ды құрайды. Екінші орынға «Бавария» (16.75%) жайғасса, үздік үштікті «Манчестер Сити» (8.81%) түйіндеді.

Сондай-ақ ондықта «Ливерпуль» (8.48%), «Барселона» (8.22%), ПСЖ (5.83%), «Реал» (4.09%), «Челси» (3.84%), «Ньюкасл» (3.21%) және «Интер» (2.34%) бар.

Ал турнир кестесінде ұпайдан шашау шығармаған «Арсенал» бірінші келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram