22.01.2026 14:00
Оярсабаль мансабын АПЛ-де жалғауы мүмкін
22.01.2026 14:00
«Реал Сосьедад» жартылай қорғаушысы Микель Оярсабаль ат басын Англияға бұруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Манчестер Юнайтед» пен «Астон Вилла» көз тігіп отыр. Сан-Себастьянның клубы капитанынан осы қыста айырылып қалғысы келмейді. Сондықтан трансфер жазда болуы мүмкін.
Келісімшарт бойынша, 28 жастағы испан футболшысын сатып алу құны 75 миллион еуроны құрайды.
Оярсабаль осы маусымда 19 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.