22.01.2026 12:01

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы «Қайсарға» ауысуы мүмкін

22.01.2026 12:01

Виктор Мозес мансабын Қазақстанда жалғауы мүмкін

AmanVIBE хабарлауынша, 35 жастағы нигериялық вингер «Қайсармен» бір жылға жарамды келісімшартқа отырады. Ол 24 қаңтар күні Қызылордада «Қайсар» ойыншысы ретінде ресми таныстырылады екен.

Мозестің соңғы клубы «Лутон Таун» болды. Ол оған дейін «Спартак», «Челси», «Интер», «Фенербахче», «Вест Хэм», «Сток Сити», «Ливерпуль», «Уиган» және «Кристал Пэласта» ойнаған.

Виктор «Челсимен» 2016/17 жылғы маусымда Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын (2012/13, 2018/19) екі рет жеңіп алды. Одан бөлек Нигерия құрамасында 38 матчта 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram