22.01.2026 11:14

Чемпиондар лигасы: «турдың үздік ойыншысы» жүлдесіне үміткерлер

22.01.2026 11:14

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жетінші турдағы «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Винисиус Жуниор («Реал»), Луис Суарес («Спортинг»), Роберт Наварро («Атлетик») және Фермин Лопес («Барселона») кірді.

Винисиус «Монакоға» (6:1) қарсы ойында бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Наварро «Аталантамен» (3:2) ойында бір гол мен бір ассисттің авторы атанды. Ал Луис Суарес ПСЖ (2:1) қақпасына, Фермин «Славияға» (4:2) дубль жасады.

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде анықталады. Өткен турда жүлдені «Брюггеге» (3:0) екі гол соққан «Арсенал» вингері Нони Мадуеке жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram