22.01.2026 11:21

Педри қатардан шықты

22.01.2026 11:21

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри жарақат алды

Хосе Альварестің хабарлауынша, 23 жастағы испаниялық ойыншы «Славияға» (4:2) қарсы матчта бұлшық етін жыртып алыпты.

Осыған байланысты шамамен 4-5 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды екен. Ал нақты қашан оралатыны бүгінге жоспарланған медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Педри осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram