22.01.2026 11:45
Облак Чемпиондар лигасындағы 100-матчын өткізді
22.01.2026 11:45
Чемпиондар лигасының 7-турында «Атлетико» сырт алаңда «Галатасараймен» (1:1) тең тарқасты

Бұл Мадрид клубының қақпашысы Ян Облак үшін турнирдегі 100-матчы болды.
Осылайша ол бұл межені бағындырған жетінші голкипер атанды. Яннан бөлек бұл қатарда Икер Касильяс (177 ойын), Мануэль Нойер (155), Джанлуиджи Буффон (124), Петр Чех (111), Виктор Вальдес (106) және Оливер Кан (103) бар.
Облак Чемпиондар лигасында 100 матчта 108 гол жіберіп, 37 ойында қақпасына доп өткізбеді.