22.01.2026 14:54

Олисе ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

22.01.2026 14:54

«Бавария» вингері Майкл Олисе ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Париждің клубы 24 жастағы француз ойыншысы үшін жазда 100 миллион еуродан асатын ұсыныс жасамақ. Одан бөлек Майклға көз тіккендердің қатарында «Ливерпуль», «Манчестер Сити» және «Арсенал» бар екен.

Ал Мюнхеннің клубы өз кезегінде Олисемен 2029 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты тағы да ұзартып қойғысы келеді. Қос тарап арасында қазірдің өзінде келіссөз басталып кетіпті.

Олисе осы маусымда 29 матчта 13 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram