22.01.2026 20:59
Винисиус Чемпиондар лигасында үздік ойыншы атанды
22.01.2026 20:59
«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасының 7-турдағы үздік ойыншысы атанды

Ол «Монако» (6:1) қақпасына бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген еді. Осылайша дауыс беру нәтижесінде Луис Суаресті («Спортинг»), Роберт Наварроны («Атлетик») және Фермин Лопесті («Барселона») артта қалдырды.
25 жастағы бразилиялық вингер осы маусымда 30 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.