22.01.2026 20:35
«Наполи» ойыншысы АПЛ-ге ауысады
22.01.2026 20:35
«Наполи» шабуылшысы Лоренцо Лукка «Ноттингем Форестке» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «орманшылар» 25 жастағы италиялық форвардты бір миллион еуроға жалға алды. Сондай-ақ 40 миллионға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Лоренцо бүгін Англияға жол тартады екен.
Лукка осы маусымда 23 матчқа қатысып, екі гол соқты.