22.01.2026 22:22

Каземиро «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

22.01.2026 22:22

Каземиро «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.

«Қызыл сойқандарға» сіңген еңбегі үшін Каземироға алғыс айтамыз және мансабын жоғары деңгейде аяқтауына тілектеспіз»,– делінген МЮ баспасөз қызметінің хабарламасында.

33 жастағы бразилиялық тұтқауыл Манчестердің клубына 2022 жылы «Реалдан» ауысып келген еді. Ол содан бері 146 матчта 21 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен бірге 2024 жылы Англия кубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram