23.01.2026 11:00

Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

23.01.2026 11:00

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Каталония клубының спорт директоры Деку Альварестің агентімен кездесіп, келіссөз жүргізіпті. «Барселона» оны жақында клубтан кетуі мүмкін Роберт Левандовскидің орнын басатын футболшы деп біледі.

Ал «Атлетико» 25 жастағы аргентиналық шабуылшыны 200 миллион еуроға бағалап отыр.

Альварес осы маусымда 28 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram