23.01.2026 12:33
Эн-Несири «Ювентуске» ауысуға жақын
23.01.2026 12:33
«Фенербахче» шабуылшысы Юссеф Эн-Несири мансабын «Ювентусте» жалғайды

Ягыз Сабунджуоглуның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы марокколық шабуылшыны бес миллион еуроға жазға дейін жалға алғысы келеді. Сондай-ақ бонустармен есептегенде 22 миллионға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Қос клуб келісімге келіп қойыпты. Бірақ соңғы сөзді Юссефтің өзі айтады.
Эн-Несири осы маусымда 25 матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.