24.01.2026 11:47
«Тоттенхэм» ойыншысы қатардан шықты
24.01.2026 11:47
«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Лукас Бергвалл жарақат алды

19 жастағы швед футболшы Дортмундтың «Боруссиясына» (2:0) қарсы матчта тобығын зақымдап алған еді. Медициналық тексерістің нәтижесінде үш айға жуық уақыт командасына көмектесе алмайтыны белгілі болды. Оған жақында ота жасалады екен.
Бұл оның мансабындағы алтыншы жарақаты. Осыған дейін 105 күні емделуге кетіп, 24 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 26 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.