23.01.2026 21:27

Упамекано «Бавариямен» келісімшартты ұзартады

23.01.2026 21:27

«Бавария» қорғаушысы Дайо Упамекано клубта қалады

Максимилиан Кохтың хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 не 2031 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа құжатқа сәйкес, 27 жастағы француздың бір жылдағы жалақысы 20 миллион еуроны құрайды екен.

Упамекано осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram