12.03.2026 19:59
Вальверде Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды
12.03.2026 19:59
Федерико Вальверде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші матчтары бойынша үздік ойыншы атанды

«Реал» жартылай қорғаушысы «Манчестер Сити» (3:0) қақпасына мансабындағы алғашқы хет-тригін жасаған еді. Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Майкл Олисені («Бавария»), Хвича Кварацхелияны (ПСЖ) және Хулиан Альваресті («Атлетико») артқа тастады.
27 жастағы уругвайлық ойыншы осы маусымда 39 матчта алты гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.