12.03.2026 18:36

«Манчестер Сити» ойыншысы «Барселонаға» ауысуы мүмкін

12.03.2026 18:36

«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Роджер Тореллоның хабарлауынша, 24 жастағы хорватиялық ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытуда. Каталонияның клубы оны біраздан бері бақылап отыр екен. Енді жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосу үшін күш салмақ.

Йошко бұған дейін 4 қаңтар күні «Челсиге» (1:1) қарсы ойында оң аяғының сүйенін сындырып алып, маусым соңына дейін қатардан шыққан еді.

Гвардиол «қалалықтар» сапына 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға ауысып келді. Осы маусымда ол 23 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram