12.03.2026 16:37

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды

12.03.2026 16:37

Қазақстан Ұлттық құрамасының FIFA Series турниріне қатысатын ойыншылары анықталды

Кеңейтілген тізімге 50 футболшы кірді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Дода 25-28 наурыз күндері «Астана Арена» стадионында болады. Ел құрамасы алғашқы ойынын 25 наурыз күні Комор аралдарына қарсы өткізеді. Оны еңсерсек 28 наурызда Кувейт — Намибия жұбының жеңімпазымен финалда ойнаймыз.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram