12.03.2026 15:18
«Қайрат» — «Ақтөбе» матчының барлық билеті сатылып кетті
12.03.2026 15:18
Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды

Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін матчта ине шаншар орын болмайын деп тұр. Себебі матчтың барлық билеті бір күн болмай түгел сатылып кетті.
16 наурыз күні өтетін ойын сағат 19:00-де басталады.
Алғашқы турда «Қайрат» «Алтайды» (1:0) жеңсе, «Ақтөбе» «Тобылдан» (4:1) басым түскен еді.