12.03.2026 10:25
Тибо Куртуа рекорд жаңартты
12.03.2026 10:25
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

33 жастағы бельгиялық ойыншы 1/8 финал аясындағы «Манчестер Ситиге» қарсы бірінші матчта (3:0) Федерико Вальверденің алғашқы голына нәтижелі пас берді.
Осылайша ол Чемпиондар лигасындағы үшінші ассистін жасап, голкиперлер арасында рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша екі реттен көзге түскен Оливер Кан мен Хосе Молина көш бастап тұрған еді.
Куртуа осы маусымда 39 матчта 37 гол өткізіп, 15 ойында қақпасына доп жібермеді.