12.03.2026 08:54
Винисиус Роналдудың рекордын қайталады
12.03.2026 08:54
«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор рекорд орнатты

25 жастағы бразилиялық вингер Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Манчестер Ситиге» (3:0) қарсы матчта Федерико Вальверденің гол соғуына септігін тигізді. Осылайша ол турнирде ең көп ассист жасаған «Реал» ойыншысы атанып, 31 нәтижелі пас берген Криштиану Роналдудың рекордын қайталады.
Винисиус бұл межені 101 матчта бағындырды, ал Роналдуға 79 ойын жеткілікті болған.
Осы маусымда Винисиус 40 матчта 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.