12.03.2026 09:41

Дэвис 25 жасында мансабын аяқтауы мүмкін

12.03.2026 09:41

«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвис кезекті рет жарақат алды

25 жастағы канадалық ойыншы бұл жолы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Аталантаға» (6:2) қарсы кездесуде бұлшық етін зақымдап алды. Осылайша алдағы үш аптада алаңға шыға алмайды.

Topskills Sports UK хабарлауынша, жарақаттан көз ашпаған Дэвис бутсасын шегеге ілуді ойлап отыр екен. Ал Мюнхеннің клубы оны райынан қайтаруға тырысып көрмек.

Дэвис мансабында жалпы 19 рет жарақат алған. Соның салдарынан 636 күні емделуге кетіп, 103 матчтан тыс қалды. Ол осы маусымда 13 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram