12.03.2026 10:51
«Реал» ойыншысына «Ливерпуль» көз тікті
12.03.2026 10:51
«Реал» қорғаушысы Дин Хейсен Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздеп отыр. Бірақ «Реал» Динді сатқысы келмейді.
20 жастағы испаниялық ойыншы Мадридтің клубына өткен жазда «Борнмуттан» 62,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 29 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.