12.03.2026 12:23
Кейн «Баварияда» қалады
12.03.2026 12:23
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубта қалады

Bild хабарлауынша, Мюнхеннің клубы онымен ұзақмерзімді жаңа келісімшартқа қол қойғысы келеді. Қос тарап қазір осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр екен.
32 жастағы ағылшын форварды «Баварияға» 2023 жылы «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 133 матчта 130 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.