12.03.2026 15:35

Брандт АПЛ-ге ауысуы мүмкін

12.03.2026 15:35

«Боруссия» жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, 29 жастағы неміс жартылай қорғаушысын «Арсенал» мен «Астон Вилла» өз қатарынан көргісі келеді. Англияның қос клубы оны жазда еркін агент атанған кезде тегін алуды көздеп отыр.

Осыған дейін оның «Боруссиямен» 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді.

Брандт «аралар» қатарына 2019 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram