14.11.2025 10:22
Унаи Симон әлемнің үздік қақпашысын атады
14.11.2025 10:22
Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон өз позициясындағы үздік ойыншыны айтты

Грузиямен ойын алдындағы баспасөз мәслихатында ол Тибо Куртуаға жоғары баға берді.
– «Куртуа – әлемнің үздік қақпашысы. Оған еш шүбә жоқ. Тибодан асып түсетін голкиперді әлі көрмедім. Куртуа тойтара алмаған соққыларды, біздің ұстауымыз неғайбыл»,– деді Симон.
Айта кетейік, ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясындағы Грузия – Испания матчы ертең, 15 қарашада өтеді.