14.11.2025 09:18

Килиан Мбаппе 400-голын соқты

14.11.2025 09:18

Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе ӘЧ-2026 іріктеу турниріндегі Украинаға (4:0) қарсы ойында дубль жасады

Осылайша мансабындағы голдар санын 400-ге жеткізді.

26 жастағы футболшы ПСЖ сапында – 256, «Реалда» – 62, «Монакода» – 27 және ұлттық құрамада – 55 рет мергендік танытқан. Килианға 400 голды соғу үшін 552 матч қажет болды.

Айта кетейік, бұл матчтан кейін Франция мезгілінен бұрын Әлем чемпионатына жолдама алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram