14.11.2025 02:49
Франция Әлем чемпионатына шықты
14.11.2025 02:49
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Франция өз алаңында Украинаны 4:0 есебімен жеңді

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде Килиан Мбаппе дубль жасаса, Майкл Олисе мен Уго Экитике бір голдан соқты.
Осылайша «үштүстілер» тарихында 17-рет мундиальға жолдама алды. Бұған дейін 1998 және 2018 жылдары Әлем чемпионы атанған.
Бес ойыннан кейін 13 ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері D тобында жеке-дара көш бастап тұр.