13.11.2025 23:59

Қазақстан Словакияға есе жіберді

13.11.2025 23:59

Қазақстан U21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде сырт алаңда Словакияға есе жіберді

Прешовта өткен кездесуде отандастарымыз 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бізден Рамазан Бағдат гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда Адриан Фиала дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша төрт ойыннан кейін үш ұпай жинаған құрамамыз турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Енді біздің жігіттер 17 қарашада Молдованы қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram