13.11.2025 20:42

Мессидің «Барселонаға» оралуы мүмкін еді

13.11.2025 20:42

Месси 2023 жылы «Барселонаға» оралуы мүмкін болған

Танымал журналист Хавьер Боштың айтуынша, Лионель Месси 2023 жылы «Барселонаға» қайта оралуға өте жақын болған екен.

Бір сәтте Ла Лига футболшының келісімшартын тіркеуге рұқсат бергенімен, клуб қаржылық қиындықтарға байланысты мәміледен бас тартуға мәжбүр болыпты.

Еске салайық, 2021 жылы Месси ПСЖ сапына ауысқан еді. Ал 2023 жылы ол АҚШ-тың «Интер Майами» клубына өтті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram