13.11.2025 20:34
Витинья үшін талас басталды
13.11.2025 20:34
Үш алпауыт клуб Витинья үшін таласқа түсті

ПСЖ клубының жартылай қорғаушысы Витинья үшін талас басталды. Бірден үш еуропалық алпауыт - «Арсенал», «Ливерпуль» және «Ювентус» — футболшының ойынына қызығушылық білдірген.
Француз баспасөзі хабарлағандай, ПСЖ өз жұлдызын оңайлықпен жібере қоймайды. Клуб Витиньяны сатуға тек €130 миллион көлеміндегі ұсынысты қабылдауға дайын.
Осыған дейін «Реал Мадрид» қызығушылық танытқан еді. Әзірге ресми ұсыныс болмады.