13.11.2025 17:45

Роберто Манчини «Әл-Садд» бас бапкері атанды

13.11.2025 17:45

Роберто Манчини Қатардың «Әл-Садд» клубын тізгіндеді

Қос тарап 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

60 жастағы маман жаңа командасында жылына 8 миллион еуро жалақы алады.

Манчини 2024 жылдың қазанында Сауд Арабиясы құрамасындағы қызметінен кеткен еді. Одан бөлек Италия, «Зенит», «Интер», «Галатасарай», «Манчестер Сити», «Лацио» және «Фиорентина» командаларын жаттықтырған.

Ал тоғыз турдан кейін 14 ұпай жинаған «Әл-Садд» ішкі біріншілікте алтыншы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram