13.11.2025 14:49
Джеррард бапкерлік қызметке қайта келуі мүмкін
13.11.2025 14:49
Стивен Джеррард «Мидлсброның» жаңа бас бапкері болуы мүмкін

Ағылшын футболының аңызға айналған тұлғасы Стивен Джеррард жақын уақытта «Мидлсбро» клубының тізгінін ұстауы ықтимал.
Роб Эдвардс қызметінен кеткеннен кейін команда жаңа бас бапкер іздестіруде. Кандидаттар тізіміне бұрынғы «Ливерпуль» капитаны Джеррардтың есімі енгені белгілі болды.
Дереккөздерге сәйкес, Джеррард қаңтар айында «Аль-Иттифак» клубынан кеткеннен кейін мансабындағы жаңа кезеңге дайын.
«Мидлсбро» қазіргі уақытта Чемпионшип кестесінде 29 ұпаймен 2-орында келеді. Көш басында 34 ұпай еншілеген «Ковентри Сити».