13.11.2025 14:34
Майк Меньян алпауыт командаға ауысады
13.11.2025 14:34
«Челси» мен «Бавария» Майк Меньянды еркін агент ретінде алғысы келеді

Италияның Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, «Челси» мен «Бавария» клубтары «Миланның» қақпашысы Майк Меньянды еркін агент ретінде қатарларына қосуға ниетті.
Францияның қақпашысы ағылшын және неміс алпауыттарының назарында тұр. Меньян қазіргі клубымен келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдаған.
Бұл жағдай бірнеше клубтың қызығушылығын арттырды. «Челси» жаңа қақпашы іздеуде, ал «Бавария» Мануэль Нойердің орнын басатын сенімді ойыншыны қарастыруда.