13.11.2025 14:41
Кайседоның келісімшарты жаңартылады
13.11.2025 14:41
Мойзес Кайседо «Челсимен» жаңа келісімшартқа келуі мүмкін

Sky Sports басылымының хабарлауынша, «Челси» жартылай қорғаушы Мойзес Кайседоның келісімшартын жақсартуды жоспарлап отыр. Клуб ойыншының қазіргі келісіміне түзетулер енгізу мүмкіндігін қарастыруда.
24 жастағы Кайседо 2023 жылы «Челсимен» сегіз жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Ол «Стэмфорд Бриджде» 2031 жылға дейін өнер көрсетеді. Ал келісімшартта тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Кайседо 2023 жылы «Челсиге» «Брайтон» сапынан ауысып келген еді.