13.11.2025 15:06
Рафинья «Алтын допқа» қатысты пікір білдірді
13.11.2025 15:06
«Барселона» шабуылшысы Рафинья 2025 жылғы «Алтын доп» нәтижесіне қатысты пікір білдірді

– «Алтын доп» – жеке марапат болса, футбол – командалық спорт. «Барселона» және Бразилия құрамасымен жеткен жетістіктеріме қарап, шүкір ету керектігін түсіндім.
5-орын үшін мүлде ренжімеймін. Керісінше, бұл маған мотивация. Өз әлеуетімді толықтай білемін. Сондықтан әлі-ақ «Алтын допты» жеңетініме сенемін»,– деді 28 жастағы ойыншы.
Бразилия футболшысы 2025 жылғы «Алтын доп» рейтингінде 5-орынмен шектелген еді.
Айта кетейік, Рафинья өткен маусымда 57 ойында 34 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Бұған қоса Ла Лига, Испания Кубогы және Суперкубогын жеңіп алып, Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды.