13.11.2025 14:36

Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

13.11.2025 14:36

«Манчестер Сити» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

The Times хабарлауынша, Пеп Гвардиола маусым соңында клубтан кетуі ықтимал. Испан маманының жақындары осылай деп санайды.

Ал Пептің орнын басуға үміткерлер қатарында Венсан Компани («Бавария»), Роберто Де Дзерби («Марсель») және Андони Ираола («Борнмут») бар екен.

Айта кетейік, Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы аралықта командамен Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram