13.11.2025 15:47

Анчелотти Роналду жайлы сөз қозғады

13.11.2025 15:47

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты пікір білдірді

– «Роналду міндетті түрде 1000 голдық межені бағындырады. Оған шүбә жоқ. Бірақ, айтулы оқиғаны тойлауға мені шақыруды ұмытып кетпесін»,– деді 66 жастағы италиялық маман.

Бүгінде 40 жастағы Португалия ойыншысының еншісінде 953 гол бар.

Айта кетейік, Роналду 2013-2015 жылдары «Реалда» Анчелоттидің шәкірті болған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram