13.11.2025 23:28
«Челси» жас талантқа көз тікті
13.11.2025 23:28
«Челси» қыста «Кристал Пэластің» жартылай қорғаушысын алуға ниетті

Ағылшын баспасөзіне сүйенсек, «Челси» клубы «Кристал Пэластің» жартылай қорғаушысы Адам Уортонды қаңтардағы трансфер терезесінде басты мақсат ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы Sun Sport хабарлады.
Лондон клубы жас талантты футболшыны қатарға қосу үшін бәсекелестерінен бұрын әрекет етуді көздеп, ойыншының өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен.
21 жастағы жартылай қорғаушы 2023 жылы «Блэкберн» сапынан «Кристал Пэлас» командасына ауысқан еді.