14.11.2025 00:25
Холанд керемет нәтиже тіркеді
14.11.2025 00:25
Эрлинг Холанд - Норвегия құрамасы сапында қатарынан 10 ойында гол соқты

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасы сапында он кездесуде қатарынан гол соғып, өз рекордын жаңартты.
Норвегияның сұрмергені 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Эстония қақпасына қос гол соқты (4:1). Соңғы рет шабуылшының жолын бөгей алған құрама - Австрия. Бұл кездесу 2024 жылдың 13 қазанында УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен. Сол уақыттан бері Холанд 10 матчта 17 гол соғып үлгерді.
Айта кетерлігі, осы голдардың үшеуі 2024 жылдың 17 қарашасында Қазақстан құрамасының қақпасына енген болатын.