14.11.2025 00:13

Норвегия Әлем чемпионатына шығуға жақын

14.11.2025 00:13

Норвегия 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Эстонияны тізе бүктірді

Ослода өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Эрлинг Холанд пен Александер Сорлот дубль авторы атанды.

Осылайша жеті ойыннан кейін 21-ұпай жинаған ұжым I тобында көш бастады. Енді Холанд бастаған команда 16 қараша күні Италиямен кездеседі.

Айта кетейік, Норвегия соңғы рет мундиальға 1998 жылы қатысып, 1/8 финалдан сүрінген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram