14.11.2025 08:18

Роналду мансабындағы ең нашар матчын өткізді

14.11.2025 08:18

Португалия ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Ирландияға 0:2 есебімен есе жіберді

Бұл матчта Криштиану Роналду нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Керісінше 61-минутта алаңнан қуылып, командасын қиын жағдайда қалдырды.

40 жастағы шабуылшының ойынына WhoScored 5,02 деген баға берді. Мұнша төмен бағаны Роналду бұрын-соңды алмаған екен.

Ал бұған дейінгі антирекорды (5,11) 2022 жылы Оңтүстік Кореяға қарсы матчта тіркелген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram