14.11.2025 02:56
Португалия Ирландияға есе жіберді
14.11.2025 02:56
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Ирландия өз алаңында Португалияны тізе бүктірді

Дублинде өткен матчта 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Трой Парротт дубль авторы атанды. Сондай-ақ 61-минутта Криштиану Роналду тікелей қызыл қағаз алды.
Осылайша Португалия бұл ойында Әлем чемпионатына шығу мүмкіндігін пайдалана алмады.
Бес ойыннан кейін еншісінде 10 ұпайы бар Португалия F тобында көш басында қала береді. Роберто Мартинес шәкірттері келесі матчты 16 қараша күні Арменияға қарсы өткізеді.