05.05.2026 10:21

Унаи Эмери «Реал» бас бапкері атануы мүмкін

05.05.2026 10:21

«Астон Вилла» бас бапкері Унаи Эмери «Реалды» тізгіндеуі мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, Мадрид клубының басшылығы 54 жастағы испаниялық маманды үміткерлер тізіміне қосыпты. Бірақ басты кандидат «Бенфиканы» баптайтын Жозе Моуринью болып тұр.

Эмери «Астон Вилланы» 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді. 35 турдан кейін 58 ұпай жинаған Бирмингемнің клубы Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram