05.05.2026 08:11

Бүгін «Арсенал» мен «Атлетико» кездеседі

05.05.2026 08:11

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчтары басталады

Алғашқы ойын бүгін, 5 мамыр күні «Арсенал» мен «Атлетико» арасында Лондонда өтеді. Мадридте болған алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді. 00:00-де басталатын матчты Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ал ертең, 6 мамырда «Бавария» ПСЖ-ны қабылдайды. Парижде Луис Энрике шәкірттері 5:4 есебімен жеңіске жеткен.

Финал 30 мамыр күні Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram