04.05.2026 22:16
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
04.05.2026 22:16
«Реал» қорғаушысы Ферлан Мендидің жағдайы белгілі болды

Ол Ла Лиганың 34-турындағы «Эспаньолға» (2:0) қарсы матчта жарақат алып, небәрі 14-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.
Медициналық тексерістен кейін оның оң аяғының бұлшық етінің сіңірі зақымдалғаны белгілі болды. Осыған байланысты шамамен бес ай алаңға шыға алмайды.
30 жастағы француз ойыншысы осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.