04.05.2026 21:59
Алиссон «Ювентуске» ауысуға жақын
04.05.2026 21:59
«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер Италия А Сериясына оралуы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, оны «Ювентус» өз қатарынан көргісі келеді және «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт ұсынбақ. 33 жастағы бразилиялық голкиперді «бьянконери» бас бапкері Лучано Спаллетти аттай қалап отыр екен. Екеуі осыған дейін 2016-2017 жылдары «Ромада» бірге жұмыс істеген.
Алиссон Мерсисайдтың клубына «Ромадан» 2018 жылы 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.