04.05.2026 12:01
Ришарлисон Фирминоның нәтижесін қайталады
04.05.2026 12:01
Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңді

«Вилла Паркте» өткен кездесуде «Тоттенхэмнің» екінші голын Ришарлисон 25-минутта соқты. Осылайша ол АПЛ бес түрлі маусымында 10+ гол соққан небәрі екінші бразилиялық ойыншы атанды.
2018/19 маусымда – 13 гол
2019/20 – 13
2021/22 – 10
2023/24 – 11
2025/26 – 10.
Бұған дейін мұндай нәтижені бразилиялықтар арасында тек «Ливерпульдің» бұрынғы форварды Роберто Фирмино тіркеген.
Лондонның клубы 28 жастағы форвардты 2022 жылы «Эвертоннан» 58 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда жалпы 40 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.