04.05.2026 10:57
Рафинья Эль-Класикоға қатыса ма?
04.05.2026 10:57
«Барселона» вингері Рафиньяның жағдайы белгілі болды

Mundo Deportivo хабарлауынша, ол жарақатынан айықты. Енді оқыс жағдай болып қалмаса, Эль-Класикода алаңға шығуға дайын екен. Бірақ Ханс-Дитер Фликтің оны негізгі құрамда шығара қоюы неғайбыл.
29 жастағы бразилиялық ойыншы осыған дейін наурыз айының соңында Ұлттық құрама сапында оң жақ сан бұлшық етін зақымдап алған еді. Содан бері алты матчқа қатыспады.
«Барселона» келесі кездесуін 10 мамыр күні Испания Ла Лигасының 35-турында «Реалға» қарсы «Камп Ноуда» өткізеді.