04.05.2026 09:41

Киву «Интерде» қалады

04.05.2026 09:41

«Интер» бас бапкері Кристиан Киву клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады. Ал жалақысы жылына төрт миллион еуроны құрайды екен. Жаңа құжатқа маусым соңына дейін қол қойылады деп күтілуде.

45 жастағы румыниялық маман «нерадзурриді» өткен жазда тізгіндеген еді. Содан бері команда 36 рет жеңіске жетіп, алты ойында тең түссе, 12 матчта қарсыласына жол берді. Киву алғашқы маусымында-ақ Италия чемпионы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram