04.05.2026 08:20

Киву Моуриньюдың нәтижесін қайталады

04.05.2026 08:20

Италия А Сериясының 35-турында «Интер» өз алаңында «Парманы» 2:0 есебімен жеңіп, мезгілінен бұрын Италияның 21 дүркін чемпионы атанды

Осылайша «нерадзурри» бас бапкері Кристиан Киву 2010 жылдан бері «скудетто» жеңген алғашқы шетелдік маман атанды.

Соңғы рет мұндай нәтижені Жозе Моуринью 2010 жылы «Интермен» тіркеген еді. Содан бері тек жергілікті тәлімгерлер топ жарған: Массимилиано Аллегри, Антонио Конте, Маурицио Сарри, Стефано Пиоли, Лучано Спаллетти және Симоне Индзаги.

45 жастағы румыниялық бапкер Миланның клубын өткен жаздан бері жаттықтырып келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram